15 қыркүйектен бастап емханаға тіркелу науқаны басталды

1608

Емханаларға тіркелу жүйесі автоматтандырылды.

15 қыркүйектен бастап емханаға тіркелу науқаны басталды

15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында ел тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына өз қалауы бойынша тіркелу мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды денсаулы сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл оны eGov электронды үкімет веб-порталы арқылы жасауға болады. Ол үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

"Қандай да бір сұрақтар немесе қиындықтар болса, ХҚКО кеңесшілері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы тіркелуге  көмектеседі. Ал емханаға тіркелу процесін автоматтандырудың арқасында сан алуан тәртіп бұзушылықтарға жол берілмейді. Атап айтқанда, енді тіркелу туралы сұрауды қолдан жасау мүмкін емес. Бұрын ондай әрекеттер қызмет жеткізушілер арасында болған. Тіпті, адамдардың өздері де жасайтын", - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры Ләззат Әлімова. 

Осы орайда маңызды бір мәселені ескерген жөн. Емхана немесе дәрігерлік амбулаторияны еркін таңдау принципі тек тұрғылықты жердің әкімшілік-аумақтық бірлігімен ғана шектеледі. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда ол – пациеттің тұратын ауданы.

"Бұрын ондай шектеу болған жоқ. Алайда іс жүзінде ондай еркіндік бірқатар қиындықтар туғызды. Мәселен, тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген адамдарға, оның ішінде  жүкті және жаңа туған нәрестелерге қызмет көрсету жағынан қиын болды. Осыған байланысты нормативтік базаға өзгерістер енгізілді. Енді, БМСК-ны қаладағы бір ауданның аясында ғана таңдауға болады", - дейді Ляззат Әлімова.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу