15 қыркүйектен оқушылардың қашықтан оқитыны рас па - Денсаулық сақтау министрлігінің жауабы

201

ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

15 қыркүйектен оқушылардың қашықтан оқитыны рас па - Денсаулық сақтау министрлігінің жауабы Фото: stopfake.kz

Қазақстандық оқушылардың ата-аналары чаттар мен әлеуметтік желілерде тараған хабарламаға алаңдауда. 15 қыркүйектен бастап елімізде маска тағу режимі енгізіліп, оқушылар қашықтықтан оқуға жіберіледі екен. Бұл жалған, деп мәлімдеді stopfake.kz сайты.

"Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтан оқытуға жібереді және мекемелерде маскамен жүру режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін ғана енгізіледі.

Қаулымен толығырақ ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Барлық азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз", – делінген ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу