15 мамырға дейін Құлсарыдағы үйлерді техникалық тексеруді аяқтау жоспарлануда

195

14 сәуірден 3 мамырға дейін 3 693 тұрғын қажетті кеңес ала алды. 

15 мамырға дейін Құлсарыдағы үйлерді техникалық тексеруді аяқтау жоспарлануда Фото: informburo.kz

Қазіргі уақытта 3,7 млн текше метрден астам су сорылып, 2 704 үйден су кетті. Аумақтарды дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты,

Қазіргі уақытта 26 әлеуметтік нысан, 1 347 үй өңдеуден өтті. Сондай-ақ, өткен тәулікте 275 тонна қоқыс шығарылды. ОКҚ алаңында өткен брифингте Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев осындай деректерді келтірді.  Оның айтуынша, бүгінгі таңда тұрғындардан 2 733 өтініш түскен.

"26 сәуірден бастап осы күнге дейін мамандар 867 нысанға техникалық тексеру жүргізді, бұл жұмыстарды 15 мамырға дейін аяқтау жоспарлануда", - деді спикер. 

Қоғамдық штаб жұмысын жалғастыруда, онда 14 сәуірден 3 мамырға дейін 3 693 тұрғын қажетті кеңес ала алды. 

Сонымен қатар, аймақ өкілі Жайық өзеніндегі жағдай туралы хабардар етті. Индербор кентінде су деңгейі 804 см, ал қауіпті деңгей - 845 см, Махамбет кентінде 818 см, қауіпті деңгей - 850 см, Атырау қаласында 475 см, қауіпті деңгей - 550 см құрайды. Жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. Қосымша бөгеттер салу және нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу