15 маусымнан бастап Өскеменнен Алакөлге пойыз жүреді

998

15 маусымнан бастап Өскеменнен Алакөлге пойыз жүреді

15 маусымнан бастап Өскеменнен Алакөлге пойыз жүреді. Жол кестесі мамырдың соңына дейін дайын болады. Бұл туралы ШҚО Туристік ақпараттық орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Туристік орталық бұған дейін де Өскеменнен Алкөлге  пойыз 15 сағатта жететінін, билет бағасы плацкарт – 2800, купе 4 мың теңге болатынын айтқан. Алайда, ҚТЖ кестесінде аталған бағыт туралы ештеңе көрсетілмеген.

"Пойыз 15 маусымнан бастап іске қосылады. Жол кестесі мамырдың соңына дейін дайын болады. Сонымен қатар, туристерді станциядан көл жағасына дейін жеткізетін автобус мәселесі де шешілген", - деп хабарлайды аталмыш орталық.

Алакөлдің жағасы жыл өткен сайын көркейіп, туристер демалысы үшін жан-жақты жағдайлар жасалып, абаттандырылып келеді. Көлге баратын күре жолдар жөнделіп, көлік қатынасы ретке келтіріліп, демалушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жағалауға арбат, саябақ, субұрқақ салынып, санитарлық тазалық, қауіпсіздік мәселелеріне жіті көңіл бөліне бастады. Жаңадан құрылған "Алакөл тазалық" мекемесі демалыс базаларына коммуналдық қызмет көрсетіп, жағалаудың тазалығына жауап беріп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу