15 мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды

1843

15 мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды

Дәл осы Шығыс Қазақстан облысында аттестациядан кейін 15 мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды. Сондай-ақ, 50 адам әлеуметтік желілерде түрлі жағымсыз жайттар туралы суреттер салғаны үшін жазаланды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының міндетін атқарушы Қайрат Сапарғалиев хабарлады. Оның мәліметінше, жалпы өңір бойынша сынақтан 5 мың 598 адам өткен. Нәтижесінде 16 адамды қызметінен шеттету туралы шешім шығарылған. Алайда, бір адам бұл шешімге қарсы шағым түсіріп, өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп, қызметіне қайта оралған. Ал, мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желілердегі парақшаларын тексеру кезінде 50-ге тара азаматтың ішімдік ішіп не қару ұстаған мазмұндағы суреттерін жариялағаны анықталған. Нәтижесінде олардың бұл әрекеттері этикаға сай емес деп табылып, түрлі деңгейдегі тәртіптік жазалар тағайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу