15 миллион теңгеден аса ақша жымқырған балабақша бухгалтері сотталды

156

Сотталушы сотта бұл қылмысқа қарызын өтеу мақсатында барғанын түсіндірген. 

15 миллион теңгеден аса ақша жымқырған балабақша бухгалтері сотталды Фото: inbusiness.kz

Балабақша бухгалтері қызмет бабын пайдалана отырып, өзіне сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын ұрлаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бухгалтер 2021-2023 жылдары жалақысына коэффициентті қолдан өсіріп, банктегі шотына жалпы сомасы 15 миллионнан теңгеден аса ақша аударған.

Сотталушының кінәсі оның мойындауымен, куәнің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, төлем құжаттарымен, сотта зерттелген тергеу және жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен расталды.

Күдіктінің шынайы өкінуі, келтірілген зиянды толық өтеуі және асырауында үш кәмелетке толмаған бала болуы жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар деп танылған.

"Сотталушы ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан және 10 жылға мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда тауарлық-материалдық құндылықтарға билік етуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. ҚК-нің 63-бабына сүйене отырып, пробациялық бақылау белгіленіп, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі", - деп жазылған Жоғарғы сот мәліметінде.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу