"15 млн теңге пара": "Астана-Зеленстрой" бұрынғы бас директоры ұсталды

171

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. 

"15 млн теңге пара": "Астана-Зеленстрой" бұрынғы бас директоры ұсталды Фото: видео скриншот

"Астана-Зеленстрой" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана-Зеленстрой" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына алаяқтық жасауға және 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін күдікті.

Бұдан басқа, тапсырыс берушілері Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары болып табылатын көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін күдікті.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу