15 млрд теңге игерілмеген. Есеп комитетінің төрайымы былтырғы жылдың бюджетінің атқарылу барысы жайында осылай деді, деп хабарлайды 24.kz.
Жалпы алғанда 500 млрд теңгеден астам қаражат тиімсіз жұмсалған. Атап айтқанда 137 млрд теңгенің құқық бұзушылығына жол беріліп, оның басым бөлігі кері қайтарылды. Дегенмен, бюджет кірісі 9 жарым трлн теңгеден асты. Ал шығыс көлемі шамамен 11 трлн теңге.
Депутаттар мемлекеттік қызметкерлерге қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалауды күшейту керектігін ескертті. Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаттарына 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуын баяндаған жиында айтылды.
"Экономиканың өсу қарқыны 4 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5,5 процентті құрады. Өсім "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы мен "Индустиялық инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты", - дейді ҚР қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов.