15 мың теңгелік коммуналдық төлем кімдерге берілетіні белгілі болды

1588

7 санатқа кіретін адамдарға 2 ай бойы коммуналдық өтемақы төленбек. 

15 мың теңгелік коммуналдық төлем кімдерге берілетіні белгілі болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі төтенше жағдай кезінде коммуналдық шығындар үшін өтемақы алатын азаматтардың санатын жариялады.

"Карантин енгізілген өңірлерде әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 2 ай бойы ай сайын 15 мың теңгеден жіберіп отырады. Мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:

- 1, 2, 3 топ мүгедектері;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көпбалалы отбасылар;
- Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектері мен қатысушылары, соларға теңестірілген    тұлғалар;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында,    ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін       құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
- ең төменгі және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты  зейнеткерлер.

Төлемнен үмітті азаматтар ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін (ЖСН), әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек. Әкімдік ұсынылған деректерді тексереді, мәліметтер рас болған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады.   

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу