15 мыңнан астам мұғалімнің маңдай тері төленді

1026

Педагогтарға ерекше балалармен жұмыс істегені үшін берілуге тиісті ақы төленбей келген.

15 мыңнан астам мұғалімнің маңдай тері төленді

Еліміздің прокуратура органдарының қадағалау актісі бойынша педагогтарға 176 млн теңгеден астам міндетті ақысы берілді, деп хабарлайды ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Елімізде 15 305 педагогқа ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс істегені үшін бекітілген ақы төленбей келгені анықталыпты. Төленбеген ақы 2016-2018 жылдардағы оқу кезеңіне тиісті. 

Бас прокуратураның мәліметінше, аталған қызметті көрсеткені үшін қолданыстағы заңнамада педагогтарға  жалақыдан 40 пайыз мөлшерінде үстеме ақы көзделген. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылып, жоғарыда көрсетілген қызметкерлерге 176,2 млн теңге мөлшерінде төлем төленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу