Бүгінде өңірлерде кәсіпкерлік субъектілерінің, меценаттардың, еріктілер мен мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен 1000-нан астам қайырымдылық акциясы жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz сайты Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Мәселен, Астанадағы Нұржол бульварында "KMG_Volunteers" волонтерлері коммуналдық қызметкерлерді ыстық шаймен және тамақпен қамтамасыз етті, содан кейін аумақты тазалауға көмектесті.
AITU Volunteers Астана IT университеті волонтерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жіп арқылы картина жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Бұл іс-шарадан Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметкерлері де қалыс қалмай, елордадағы халықтың әлеуметтік осал топтары мен тыл еңбеккерлері үшін 100-ден астам азық-түлік пакетін дайындады. Акцияға департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдар қатысты.