15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

432

Қазгидромет ауа райына байланысты 27 қазанда бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қарағанды облысының солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады. 

Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. 

Астана қаласында 27 қазанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, тау асуларында екпіні 25 м/с. 

Шымкент қаласында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз шығыс жартысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. 

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. 

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.

27 қазанда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тәулік бойы 27 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу