15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

116

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото: Пелагия Замятина
  • Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
  • Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
  • Алматыда күннің соңында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.
  • Түркістан облысының солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бкөтерді аудандарында күші 15-20 м/с. 28 тамызда Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
  • Шымкентте найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 28 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
  • Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
  • Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
  • Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
  • Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
  • Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
  • Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
  • Қарағанды облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
  • Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
  • Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
  • Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
  • Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
  • Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу