Ауғанстанның Кандагар провинциясында қауіпсіздік күштері тәліптермен қақтығысқа түсіп, 15 полицей қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.
Әскерилердің мәлімдеуінше, өңірде бір түннің ішінде лаңкестік ұйымның қарулы топтарымен бірнеше шайқас болған. Нәтижесінде 25 тәліптің көзі жойылды.
Ал Сари-Пуль провинциясында жарылыс болып, 15 адам көз жұмды, тағы 5 тұрғын жарақат алды.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылды "Ирак және Левант лаңкестік ұйымының" содырлары жүзеге асырған. Жанкешті Саяд ауылында "Талибан" қозғалысының басшысын жерлеп жатқанда көлікке жасырылған бомбаны іске қосқан.
Ал полицияның мәлімдеуінше, тәліптердің бұл командирі бірер күн бұрын осы лаңкестік ұйымның содырларымен қақтығыста қаза тапқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу