Қазір сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты KTK арнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, Абай облысында екі 13 жастағы сыныптастар арасында жанжал шыққан. Кейін ол өрши түскен.
Оқиға салдарынан пышақ жарақатын алған жасөспірімге бірнеше сағат бойы ота жасалған. Суық қару оның денесін 15 рет зақымдаған.
Балаға іш қуысына өткен пышақ жарақаты диагнозы қойылған. Соның салдарынан оң жақ бүйрек паренхимасы зақымдалып, көп қан кеткені анықталып отыр Сонымен қатар, денесі мен аяқ-қолында бірнеше пышақ жарақаты бар, бірінші дәрежелі геморрагиялық шок тіркелген.
4 сағатқа созылған отадан соң баланың жағдайы тұрақты. Оқиғаға қатысы бар екінші жасөспірім де сол күні ауруханаға жеткізілген. Оның денесінен 3-4 жеңіл жарақат байқалған.
Тергеу қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарды есепке қою, сондай-ақ олардың заңды өкілдерін бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қаралмақ.