15 сәуірден бастап балықтың кей түрлерін аулауға тыйым салынады

123

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Есіл бассейнінің су қоймаларында балық аулауға шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

15 сәуірден бастап балықтың кей түрлерін аулауға тыйым салынады Фото: inbusiness.kz

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша балық инспекциясының мәліметінше, бұл шара уылдырық шашу кезеңінде балық ресурстарын қорғау мақсатында қолға алынды. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары бұл шектеулерді қатаң ұстануы қажет. Себебі заңсыз балық аулау әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Мәселен, шортан, аққайран, көксеркені 15 сәуірден 15 мамырға дейін аулауға тыйым салынады.

Ал тұқыны 20 мамырдан 20 маусымға дейін аулауға болмайды. Гаммарусты 1 тамыздан 14 қыркүйекке дейін, Артемия цисталарын 1 наурыздан 15 маусымға дейін, ал өзен шаяндарын 1 маусымнан 15 шілдеге дейін аулауға тыйым салынды. 

Есіл, Нұра, Сілеті өзендері және олардың барлық салалары мен су қоймаларында 20 сәуірден 20 мамырға дейін балық аулауға шектеу қойылды. 

Есіл облысаралық бассейндік инспекциясы тұрғындарды табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауға, балық қорын сақтауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу