15 сәуірге дейін зейнетақы үйді-үйге жеткізіледі – Сәкен Сәрсенов

1734

"Қазпошта" басшысы сәуір айының зейнетақысы қалай төленетінін түсіндірді. 

15 сәуірге дейін зейнетақы үйді-үйге жеткізіледі – Сәкен Сәрсенов

"Қолайсыз эпидемиялық жағдай кезінде "Қазпошта" қазақстандықтардың үйден шықпай қызмет алуы үшін барлығын жасауда. Қазір қозғалыстың шектелуіне байланысты біз бұрын пошта бөлімшесіне зейнетақы алу үшін келетін барлық зейнеткерлерге сәуір айының зейнетақыларын үйлеріне жеткізіп беріп жатырмыз. Қалғандарына төлем карталарын ашып, ақшаларын сол картаға аударып, карталарды үйлеріне жеткізіп беріп жатырмыз" – деген ұлттық оператор басшысы зейнетақыны карантин біткеннен кейін поштаға келіп алуға да болатынын жеткізді. 

"Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге 1-15 сәуір аралығында зейнетақыны үйге жеткізу кестесін бекіттік. Сол кесте бойынша бүгінгі күні 389 572 зейнеткердің үйіне зейнетақысын жеткізіп,  6 мыңға жуық зейнеткерді төлем карталарына көшірдік. Біздің зейнетке шыққан клиенттеріміздің қатарында карантин біткен соң зейнетақыларын бөлімшеге келіп алғылары келетіндер де бар. Біз олармен үнемі байланыста боламыз", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу