15 сотталушы айына 42 500 теңгеден табыс тауып отыр

1067

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жұмыс берушілермен меморандумға қол қойды.  

15 сотталушы айына 42 500 теңгеден  табыс тауып отыр

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының дерегінше, елорданың бір акционерлік қоғамы мен төрт жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сотталушыларды жұмыспен қамтуға әзір.

Жұмыс берушілерге құрылысшы, сылақшы, электрик және тігінші қажет.

Сотталушылар колониядағы өндіріс алаңдарында жұмыс істейді. Жұмыс беруші жұмыс орнын қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етеді.

Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/1

мемлекеттік мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланғанда осындай келісім рәсімделді.

"Астана-көгалдандыру құрылысы" АҚ, "ПИК Ютария ЛТД" ЖШС, "Астана Тазалық" ЖШС, Bazis Construction ЖШС, Danmard ЖШС Сотталғандарды жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Айгүл Дәуітова

қазір колониядағы тігін цехында 15 сотталушы жұмыс істеп, айына 42 500 теңге табыс тауып жатқанын айтты.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу