Қырғызстанның Ош қаласында 15 жастағы қыз бір айдан астам уақыт сексуалдық құлдықта болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Бұл туралы елдің омбудсмені мәлім етті.
Жасөспірімнің заңды өкілі Жахангир Сайфуллаев зардап шеккен қыз бала бағынбағаны үшін жазаланғанын және барлығы бейнеге түсіріліп, қазір желідегі мессенджерлерде таралып жатқанын айтты.
"Бейнежазбада қыздың зорлық-зомбылық көргені туралы сұмдық кадрлар көрсетілген. Олар оны ұрып-соғып, зорлық-зомбылықпен қорқытып, жалаңаш шешіндіріп, қасын пышақ пен қырып тастаған. Жасөспірім интимдік қызмет көрсету үшін әртүрлі ер адамдарға "сатылған". Ол тозақтың барлық шеңберінен өтті", - деді ол.
Сондай-ақ, омбудсмен құқық қорғау органдарының басшыларын зорлық-зомбылық көрген 15 жастағы қыздың құқығын қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырады. Қазір оған заңгерлік көмек көрсетіліп жатыр. Зорлық-зомбылық құрбаны ұзақ мерзімді оңалтуды қажет етеді. Ол қылмысқа қатысқандардың барлығы бостандықта жүргендіктен өз өмірі үшін қорқады. Ақиқатшы құқық қорғау органдарынан адам саудасының құрбандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шара қабылдауды талап етеді.
"Балаларды саудалағандар заң шеңберінде барынша жазалануы тиіс. Мұндай ашық қылмысқа қатысы бардың барлығы табылып, жазалануы керек", - деп талап етті Д.Жаманбаева.