150 балаға ноутбук сыйланды

964

Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің балаларға арналған жаңа жылдық мерекесі өтті.

150 балаға ноутбук сыйланды

Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің балаларға арналған жаңа жылдық мерекесі өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Жаңа жыл – отбасылық мереке. Сондықтан отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін. Әрбіріңіз сабақты жақсы оқып, спортпен шұғылданғаныңызды қалаймын. Елдің болашағы - жастар. Егер сіздерде барлығы жақсы болса, еліміз де үлкен жетістіктерге жететіні анық", – дейді әкім.

Шаһар басшысының шыршасына 9-13 жас аралығындағы 150 баланың арасында жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары мен оқуда, спортта, шығармашылық пен қоғамдық жұмыстарда жетістікке жеткен оқушылар болды.

Шыршаға қатысқан балалардың барлығына әкімнің атынан ноутбук пен тәтті сыйлықтар табыс етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу