150-ден аса компанияға дәрі-дәрмек бағасын көтергені үшін ескерту жасалды

1450

 Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті тексеріс жүргізген.

150-ден аса компанияға дәрі-дәрмек бағасын көтергені үшін ескерту жасалды

Еліміздегі 150-ден аса компанияға дәрі-дәрмек бағасын қасақана көтеру фактісі бойынша ескерту жасалды. Мұндай хабарламаны Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің мамандары жариялады, деп хабарлайды Atameken Business. 

Комитет мамандары аталған заңсыздықты республика бойынша филиалдары бар 43 көтерме жеткізуші компанияны және 17 өңірде 109 ірі сауда нүктесі бар сауда желісін тексеру кезінде анықтаған. Заң бойынша, бәкелестікті бұзып, монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кірістің 3-5 проценті көлемінде айыппұл қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу