150-ден астам қызылордалық студент Coursera сертификатын алды

480

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Coursera халықаралық білім беру платформасы бойынша 500-ге жуық студент білім алып жатыр.  

150-ден астам қызылордалық студент Coursera сертификатын алды Фото: gov.kz

Қазіргі уақытта олардың 150-ден астамы сертификат иеленді, деп жазады inbusiness.kz.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен халықаралық Coursera білім беру платформасындағы алғашқы 50 курс қазақ тіліне аударылды. Бүгінде білім алушылар үшін қазақ тіліндегі курстар қолжетімді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушыларына 1 жылға 500 лицензия берілген. Академиялық дәрежесі бойынша бакалавриаттан 19 білім беру бағдарламасы, магистратурадан 4 білім беру бағдарламасы бойынша қатысушылар курстан өтуде.

Статистика бойынша білім алушылар осы кезге дейін "Programming for Everybody", "Эффективное решение проблем и принятие решений", "Инновациялық ұйымдарды құру және дамыту", "Кәсіпкерлік негіздері: ойлау және әрекет", "Using Python to Access Web Data", "Инженерлерге арналған матрицалық алгебра", "Жоба басқару: табыс негіздері", "Инженерлерге арналған дифференциалдық теңдеулер" курстарына көп тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу