150-ге жуық қара дельфин жағаға шығып қалған

2586

150-ге жуық қара дельфин жағаға шығып қалған

Жаңа Зеландияға қарасты Стьюарт аралының жағалауына 150-ге тарта қара дельфин (гринд) шығып қалды, деп хабарлайды New Zealand-ке сілтемемен islam.kz.

Жағалауға шығып қалған дельфиндердің жартысы Мейсон Бей шығанағынан өлі күйінде табылған. Қалғандарын теңізге жеткізу қиындық тудырғандықтан әрі жағдайы нашарлағандықтан өлтірілді. Тірі қалғаны аз.

Аралдың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі министрлігі өкілі Рена Леппенсаның айтуынша, оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.

Айта кетсек, алып теңіз жануарлары арасында да суицид жасайтындар көп. Ғалымдар әлі күнге мұның сыры мен себебін анықтай алмай отыр. Десе де олардың мұндай қатерлі қадамға баруына көбіне әскери кемелердің сонары мен мұхиттың ластануы себеп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Кей  дельфиндер суицид жасаған ұяластарына көмекке ұмтылам деп, өздері де жағалауға шығып, қайраңдап қалады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу