150 метр биіктіктен құлаған: Mango брендінің негізін қалаушы көз жұмды

78

Forbes журналының мәліметі бойынша, ол Испаниядағы ең бай адамдардың тізімінде бесінші орында болған.

150 метр биіктіктен құлаған: Mango брендінің негізін қалаушы көз жұмды Фото: wikipedia

Испаниялық Mango киім-кешек компаниясының негізін қалаушысы Исак Андик қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

La Vanguardia газетінің хабарлауынша, 71 жастағы кәсіпкер Кольбато муниципалитетіндегі шатқалда 150 метр биіктіктен құлап, мерт болған. Андик мұнда отбасы мүшелерімен бірге демалуға келген еді.

Андиктің қайтыс болғаны туралы ақпарат компания сайтында жарияланды. 

– Осы сенбіде болған оқыс оқиға салдарынан Mango компаниясының негізін қалаушы Исак Андиктің күтпеген жерден қайтыс болғанын хабарлаймыз, – делінген хабарламада.

Mango желісін 1984 жылы Каталония автономиялық қоғамдастығында Түркияда дүниеге келген бизнесмен Исак Андик құрған.

Mango-ның әлемде шамамен 2,7 мың сауда нүктесі бар. Компания 2023 жылы 3,1 миллиард еуродан асатын рекордтық табысқа қол жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу