Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына орай қысқы велошеру өтеді

1284

"150 жылдыққа 150 шақырым" велошеруі мемлекет және қоғам қайраткері, тау тұлға, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын насихаттауға жеке бастамамен үлес қосу мақсатында өткізіледі.

Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына орай қысқы велошеру өтеді

"Бәрі сәтті өтсе, алғашқы қысқы веломарафон ретінде Қазақстанның жаңа рекорды болып тіркеледі. Рекордты Қазақстан рекордтар кітабының ("Қазақстандық ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалық") Нұр-Сұлтандағы ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов мырза тіркейді, сәтті аяқталып, рекорд орнағанына орай арнайы Куәлік табыстайды", – деп жазылған ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.

Марафон 10 ақпанда, бейсенбі күні, таңертеңгі сағат 8:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы "Триатлон-парк" аумағында бастау алады. Велошеруді бастайтын жердің нақты мекенжайы – Қадырғали Жалайыри көшесі, 2gis.com.

Велошеру соло (solo) тәсілінде өтеді, яғни бір ғана адам қатысады. Қатысушы – әуесқой велошабандоз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу