153 қазақстандық поляк тарихи отанына оралды

913

153 қазақстандық поляк тарихи отанына оралды

Сейсенбі күні ұлты поляк 153 қазақстандық Польшаға жетті, деп хабарлайды Польша СІМ сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

"Біз тарихи әділетсіздікті түзеп, поляктарды тарихи отанына қайтаруды бастағымыз келеді. Мұны баяғыда қолға алу керек еді", - деді Польша вице-министрі Матеуш Моравецкий.

Поляктар еліміздің көп шоғырланған Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарынан көшіп келді. Қазақстанның этникалық поляктары Пулутусктағы Поляк диаспорасы үйіне орналастырылады. Оларға Поляк  қауымдастығы қамқорлық көрсетеді, қауымдастық ассимиляция бойынша арнайы және білім беру бағдарламасын әзірлеген.

Еске сала кетсек, 2016 жылы 17 наурызда Польша Сенаты Украина КСР шекара маңында өмір сүрген поляктарды Қазақстанға депортациялаудың 80 жылдығы туралы қаулы қабылдады. Екі ауқымды қоныс аудару нәтижесінде 60 мың поляк Қазақстаннан бір-ақ шықты. "Польша Сенаты поляктардың тарихи отанына оралуы үшін барынша жұмыс істеуді өз міндеті деп санайды", - делінген қабылданған қаулыда.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу