155 млрд теңгеге қатысты қаржылық бұзушылық анықталды

712

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік сатып алу бағытында жүргізілген камералдық бақылау кезінде 32,4 мың рәсім бойынша заңға қайшы әрекет жасалғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

155 млрд теңгеге қатысты қаржылық бұзушылық анықталды

"Соңғы 9 айда 5,7 трлн теңгенің 675 мыңнан аса мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындысында 32,4 мың рәсім бойынша бұзушылық анықталып, оларды жою туралы жіберілген хабарламаның 98% орындалды. Аудиторлық іс-шарамен 1 трлн 671 млрд теңгенің бюджет қаражаты қамтылып, 155 млрд теңгеге қатысты қаржылық бұзушылық анықталды", – деді Ерұлан Жамаубаев. 

Министрдің мәлімдеуінше, тауар жеткізу, қызмет көрсету және орындалған жұмыстарды қалпына келтіру бойынша 123 млрд теңгенің заңсыздығы жойылған.

"Аудит объектілерінің қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 2 мыңнан аса ұсыным берілді", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу