156 мемлекеттің 98-і Қазақстан кандидатурасына дауыс берді

788

156 мемлекеттің 98-і Қазақстан кандидатурасына дауыс берді

4-6 маусым аралығында Парижде Материалдық емес мәдени мұраны (МЕММ) қорғау жөніндегі конвенцияға тарап мемлекеттер бас ассамблеясының 7-ші сессиясы өтті. Сессияда қазақстандық мамандар төрт жыл бойы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің жұмысына қатысатын болып шешілді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Сессияға қатысқан 156 мемлекеттің 98-і Қазақстан кандидатурасына дауыс берді. Елімізді қолдаған көптеген делегаттар қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттау үшін еңбек етіп жүрген Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия мамандарының кәсіби қасиеттерін және мемлекетіміздің жоғары халықаралық беделін атап өтті.

Сайлау қорытындысымен Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілдігі бас ассамблеяға қатысушыларға білдірген сенімдері үшін ризашылық білдірді.

Конвенцияның негізгі құралдарының бірі болып МЕММ бойынша репрезентативті тізім табылады. Бүгінде Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның жанында құрылған МЕММ қорғау жөніндегі Ұлттық комитет мамандарының күшімен тізімге 8 қазақстандық өтінім енгізілді. Олардың арасында - домбырамен күй тарту, қазақша күрес, асық ату, айтыс, киіз үй құру, Наурызды мерекелеу дәстүрлері, саят құстарымен аң аулау және жұқа нан (қатырма / лаваш / юпка / юфка) пісіру өнерлері бар. Тағы да бес өтінім қарастырылуын күтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу