156 млрд теңгеге қатысты қаржылық бұзушылық тіркелді

937

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік аудитке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

156 млрд теңгеге қатысты қаржылық бұзушылық тіркелді

Оның айтуынша, соңғы 10 айда камералдық бақылаумен құны 6,2 трлн теңгені құрайтын 758 мыңға жуық мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындысында 35 мың рәсім бойынша бұзушылық анықталды. 

Іс барысында мемлекеттік аудит нысандары бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның 98%-ын орындады.

"Мемлекеттік аудит аясында 2 765 аудиторлық іс-шара атқарылды. 1 трлн 765 млрд теңге бюджет қаражаты назарға алынды. 156 млрд теңгеге қатысты қаржылық бұзушылық тіркелді. Тауар жеткізу, қызмет көрсету және жұмысты орындау мен қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепте көрсету жолымен 123 млрд теңгеге қатысты бұзушылық жойылды. Аудит нысандары қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 2,4 мың ұсыным берілді", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу