Шұғыл штаб коронавирус инфекциясын тағы 16 адам жұқтырғанын хабарлады. Оның ішінде Алматы облысында – 1, Алматы қаласында – 3, Шымкент қаласында – 2, Маңғыстау облысында – 10.
"Осы сағатта Нұр–Сұлтан қаласы бойынша 612 адам, Алматы қаласында – 927, Шымкент қаласында – 184, Ақмола облысында – 98, Ақтөбе облысында – 65, Алматы облысында – 114, Атырау облысында – 131, Шығыс Қазақстан облысында – 17, Жамбыл облысында – 113, Батыс Қазақстан облысында – 127, Қарағанды облысында – 139, Қостанай облысында – 45, Қызылорда облысында – 187, Маңғыстау облысында – 44, Павлодар облысында – 122, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында – 124, жалпы 3079 науқас тіркелді",– деп жазылған хабарламада.
774 адам емделіп шықты.