16 ата-ананың ісі сотқа жіберілді

1386

Себебі хиджап киген оқушы қыздардың ата-аналары мектеп формасын кигізуге көнбеген.

16 ата-ананың ісі сотқа жіберілді

Атырауда хиджап киген оқушы қыздардың ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мұндай жағдайларда ата-аналарға алдымен ескерту жасалады. Мектеп басшылары оларды көндіре алмайтын болса, заңды негізде "Ата-аналардың немесе өзге заңды өкілдердің білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған міндеттерді тиісті деңгейде орындамау" ӘҚБтК бабына сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.

"16 ата-ананың ісі сотқа жіберілді. Онда 5 АЕК, яғни 12 025 теңге көлемінде қаражат өндіріп алу туралы шешім шықты", - деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы бойынша білім саласында бақылау департаментінің басшысы Сатқан Есенғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу