16 аудиотаспадан тұратын жинақтың сандық нұсқасы Алматыға жеткізілді

964

16 аудиотаспадан тұратын жинақтың сандық нұсқасы Алматыға жеткізілді

Алғашқы қазақ музыкасының бірегей жинағы Германиядан Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлады mir24.tv.

Қазақ музыкасы ең алғаш рет 1925 жылы Францияда жазылған деп айтылып келген еді. Алайда Берлиндегі мұрағатта бұдан әрідегі, яғни 1905 жылғы аудиотрек табылды. Оны неміс ғалымы Рихард Карутц фонограф пен балауыз валиктің көмегімен жасаған.

"Дыбыстарды тыңдап көрсеңіз, керемет әсерге бөленесіз. Көз алдыңызға бұл таспалардың ауыр еңбекпен келгенін елестетіңіз. Бұл әуендердің бізде сақталғандығы және оны таңдай алатынымыз, мен үшін таңқаларлық жағдай", - деді Визуалдьді антропология және этнология мұражайындағы Рихард Карутц жинақтарының кураторы Рихарда Копал.

Валиктердің дыбысын ең бірінші болып 2015 жылы "Мир" телеарнасының көрермендері "Соңғы ханды іздестіру" атты деректі фильмде естіген болатын. Сол кезде түркітанушы Ефим Резван Карутц таспаларының көшірмесімен бөліскен. Жүздеген жыл өткеннен кейін 16 аудиотаспадан тұратын жинақтың сандық нұсқасын Алматыға жеткізді. Енді бұл дыбыстарды қазақстандық сарапшылар зерттейді.

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Сәуле Өтеғалиева: "Ол тек жұмысты тапсырып қана қоймай, зерттеуші ретінде өзіне түсіріп алған. Ол тек қазақтарды жазбаған. Сонымен қатар түркімендерді де түсірген", - деп атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу