Атап айтқанда, Ресейге – 54 рейс, Түркияға – 7, БАӘ-ге – 9, Өзбекстанға – 5, Германияға – 5, Мальдивке – 3, Кореяға – 6, Польшаға – 2, Венгрияға – 1; Сауд Арабиясына - 1 рейс орындалады. Чехияға аптасына 2 рет, Қытайға аптасына 8 рейс, Әзірбайжанға аптасына 3 рейс тұрақты түрде ұшатын болды.
Сондай-ақ тұрақты рейстер Италияға аптасына 2 рет, Шри-Ланкаға аптасына 3 рет, Кувейтке аптасына 3 рет орындалады.
Қазіргі уақытта әуе компаниялары ұшу кестесін құрып жатыр.
Рейстерді орындау осы аталған елдердің тиісті уәкілетті органдарымен келісіледі.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.