16 қарашада футболдан Қазақстан-Өзбекстан құрамалары кездеседі

499

Ойын Ташкент қаласындағы "Пахтакор" стадионында өтеді.  

16 қарашада футболдан Қазақстан-Өзбекстан құрамалары кездеседі Фото: kff.kz

Жолдастық кездесу 16 қараша күні, Астана уақытымен 19:00-де басталады, деп жазады inbusiness.kz kff.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық футболшылар бұған дейінгі ойынын қыркүйек айында Ұлттар лигасында Әзербайжан құрамасына қарсы өткізген еді. Соған қарамастан олар өз тобында бірінші орынмен В дивизионында сынға түсуге жолдама алды. Сондай-ақ 2024 жылғы Еуропа чемпионатында өтпелі ойындарға қатысуға мүмкіндігі бар.

Ал Өзбекстан құрамасы қыркүйек айының аяғында Коста-Рикамен жолдастық кездесуде қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Екі құрама бұған дейін алты мәрте кездесті. Оның біреуінде қазақстандық футболшылар жеңсе, екеуінде өзбекстандық құрама басым түсті. Үш ойын тең нәтижемен аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу