16 каратеші Канададағы премьер-лига турниріне қатысады

719

Жарысқа жалпы есебі 79 мемлекеттен 760 спортшы қатысады деп күтілуде.

16 каратеші Канададағы премьер-лига турниріне қатысады

Каратеден Қазақстан командасы Канаданың Монреал қаласында өтетін А сериясы аясындағы Премьер-лига турниріне қатысады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жарысқа жалпы есебі 79 мемлекеттен 760 спортшы қатысады деп күтілуде. Ең көп қатысушылар Канада, АҚШ және Жапония өкілдері. 

Қазақстан атынан Премьер-лига турниріне 16 адам қатысады. Олардың арасында Азия ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлері бар. Атап айтар болсақ, Дархан Асаділов, Данияр Юлдашев, Гузалия Гафурова, Дидар Әмірәлі, сондай-ақ, Премьер-лига жүлдегерлері Софья Берульцева, Қайсар Алпысбай, Игорь Чехмаревтер бар. 

Монреалдағы турнирде жиған ұпай толығымен рейтингілік есепке алынады. Жарыс 21-23 маусымға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу