16 қазақстандық университет әлемдік университеттер рейтингіне енді

1901

Соңғы 3 жылда беделді рейтингтегі ЖОО саны екі есеге өсті.

16 қазақстандық университет әлемдік университеттер рейтингіне енді

Әлемдегі ең беделді университет рейтингтерінің бірі саналатын Quacquarelli Symonds World University Rankings халықаралық академиялық рейтингіне қазақстандық 16 ЖОО енді, деп жазылған БҒМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы 3 жылда беделді рейтингтегі университеттер саны екі есеге өскен. 2018 жылы рейтингте 8 отандық ЖОО болса, 2021 жылы 14 жоғары оқу орны қосылған.

Алғаш рет отандық университет, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің үздік 150 университетінің қатарына енді.

Бір жылдың ішінде университет көрсеткіштерін жақсартып, 175-орыннан бірден 25 позицияға көтерілді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 51 сатыға көтеріліп, алғаш рет ТОП-300-дің қатарына кіріп, осылайша ЖОО 277-орыннан көрінді.

Satbayev University шамамен 100 позицияға көтеріліп, QS WUR рейтингінің 405-орнын алды.

Сонымен қатар Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті де өз жұмысын айтарлықтай нығайтты.

Биыл әлемдік рейтингке енген қазақстандық жоғары оқу орындарының тізімін Алматы технологиялық университеті мен Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті толықтырды.

Отандық университеттер үшін ең басты критерийлердің бірі – академиялық бедел мен жұмыс берушілер арасындағы бедел. Сондай-ақ университеттердің ғылыми ынтымақтастық пен жаһандық жетістіктері де атап өтілді.

QS WUR әлемнің үздік университеттерінің тізімі 2004 жылдан бері жарияланып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу