"Ертеңнен бастап елордадағы "EXPO" халықаралық көрме орталығында "KazAgro/KazFarm-2022" көрмесі ашылады. Шара 12-14 қазан аралығында өтеді. Көрме нарыққа агроөнеркәсіптік секторға аграрлық ғылымның соңғы әлемдік жетістіктерін енгізуге ықпал ететін жетекші әлемдік автоконцерндердің, инновациялық технологиялар мен аграрлық секторды дамыту бағдарламаларының ауыл шаруашылығындағы жаңа техника мен жабдықтарды ұсынады", - деді министрлік өкілі.
Айтуынша, көрмеге ауы шаруашылығына тың технологиялар ұсынып жүрген өндірушілер келеді. Арасында қазақстандық кәсіпорындар да, шетелдік ірі компаниялар да бар.
Биыл слет Үкімет қаулысына сәйкес жыл сайын 16 қазанда атап өтілетін нан күніне арналған біздің үлкен кәсіби мерекеміз дөп келіп отыр.
"Дәстүр бойынша, слет негізгі егін жинау науқанының соңында өтетін еді. Ал биыл біздің фермерлердің жетістігі осы көрмеде паш етуге лайық болып отыр", - деді вице-министр.