16 қыркүйекте елордада жалпықалалық сенбілік өтеді

454

Астанада 16 қыркүйектен 14 қазанға дейін "Жасыл Астана" дәстүрлі экологиялық айлығы өтеді.

16 қыркүйекте елордада жалпықалалық сенбілік өтеді Фото: gov.kz

"Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында 16 қыркүйекте елордада жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанада 16 қыркүйектен 14 қазанға дейін "Жасыл Астана" дәстүрлі экологиялық айлығы өтеді. Осы жұмыс аясында елордада қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және белсенді қала тұрғындарын тарта отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбіліктер өткізіледі.

Осы сенбіде, яғни 16 қыркүйекте елорданы бұдан да таза ету үшін ауқымды жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырылады.

Ағаштарды жинау және отырғызу учаскелерін нақтылау үшін қала тұрғындары аудан әкімдерінің аппараттарына келесі телефон нөмірлері бойынша жүгіне алады:

Алматы ауданы: 8 747 032 65 07;
Байқоңыр ауданы: 8 701 553 26 27;
Сарыарқа ауданы: 8 701 272 50 71;
Есіл ауданы: 8 778 900 18 61;
Нұра ауданы: 8 701 719 91 39.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу