Астана қаласы әкімдігінің шешімімен, алдағы Құрбан айт мерекесінде елорданың қоғамдық көлігінде (қалалық және қала маңы бағдарлары) жол жүру тегін ұйымдастырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қоғамдық көлік жұмысы сағат 06:00 басталады.
Түнгі № 201, 202, 203 бағдарларында да маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жол жүру тегін болады. Түнгі бағдарлардың қозғалысын "Avtobys" мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу