16 миллиард теңгені қарағандылықтар қайда жұмсау керек деп санайды?

350

Қоғам белсенділері 16 млрд-тың жартысына коммуналдық жүйені жаңарту керек деп санайды.

16 миллиард теңгені қарағандылықтар қайда жұмсау керек деп санайды? Фото: Inbusiness.kz

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы "Қазақстан халқына" қорына аударатын 16 млрд теңгенің жартысына теміртаулықтар трамвай паркін қайтарсын деп талап етуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ал қарағандылықтар болса, 70 пайызға ескірген коммуналық жүйені жаңартуға жұмсалса деген пікірде.

Қарағанды облысындағы халық  саны жыл сайын өсіп келе жатқаны сөзсіз. Оның ішінде қалаға ағылған тұрғындар көп. Қазір кеншілер мекенінде жаңа үйлер мен мектептер, ауруханалар салынып жатыр. Алайда, кеңес уақытынан бері келе жатқан коммуналдық жүйе әбден тозған. Оның ішінде электр жүйесі мен кәріз құбырларның жағдайы тіптен мәз емес. Казір құбырлары жарылып, жаңа үйлердің жертөлелерін су басып жатыр. Осы мәселені ескерген қоғам белсенділері бөлінетін 16 млрд-тың жартысына коммуналдық жүйені жаңарту керек деп санайды.

"Мектептер  салынып жатыр. Ауруханалар салынады, салынып жатыр. Бірақ, оның бәрі жүктеме. Біздің құбырларға үлкен жүктеме болады. Біздің қаладағы бюджет тіпті шамасы келмейді. Сондықтан республикаликадан бөлініп жатқан ақша, қаражат бізге қалаға керек", - дейді Қарағанды қалалық мәслихаттың депутаты Бақтияр Омарханов.

Ал, теміртаулықтар болса, "экологиялық таза  трамвайымызды қайтарсын" деп талап етіп отыр. Айтуларынша, өндірістік қала тұрғындары онсыз лас ауаның құрбаны болып отыр.

"Теміртау қаласында экологиялық жағдай онсызда өте нашар. Салдарынан тұрғындардың денсаулығы да төмендеп жатыр. Ол аздай экологиялық таза деп санайтын трамвайды да алып тастады. Бөлінетін қаражатқа трамвай жүйесін жаңартып, іске қосып беруді талап етеміз. Ал, аурухана, мектептер бізде жеткілікті", - дейді Теміртау қаласының тұрғыны Ольга Пекарская.

Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше трамвайды қалыпқа келтіру үшін, кем дегенде 10 миллиард теңге қажет. Ал, Қарағандының коммуналдық жүйесін жаңартуға 8 миллиард жетіспейтіні анық. Дегенімен, қарағандылықтардың ойы осындай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу