16 миллион қазақстандықтың жеке деректерінің таралуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

166

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

16 миллион қазақстандықтың жеке деректерінің таралуына қатысты қылмыстық іс қозғалды Фото: FinGramota.kz

Қазақстанның шамамен 16 миллион азаматының жеке деректерінің кең көлемде таралу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Оның айтуынша, тергеуді бастау жөніндегі тапсырманы Бас прокурордың өзі берген. Қазіргі таңда істің материалдары Ішкі істер министрлігіне жолданып, тергеу шаралары осы ведомствоның құзырында жүргізіледі.

Бұған дейін 16 302 107 азаматтың жеке мәліметтері желіге таралғаны туралы ақпарат тарап, қоғамдық алаңдаушылық тудырған еді.

Алайда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік дерекқор базалары бұзылмағанын мәлімдеп, жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Жеке деректердің таралуынан кейін көпшілікті "азаматтар ЖСН-ін қайта рәсімдеуі қажет пе?" деген сауал мазалауда. Бұл мәселеге қатысты нақты жауап әзірге берілген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу