16 млн 602 мың тонна мұнай өндірді

567

16 млн 602 мың тонна мұнай өндірді

​2016 жылы Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында 16 млн 602 мың тонна мұнай өндірілді, деп хабарлады "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ.

2016 жылы мұнай өндіру көлемі 16 млн 602 мың тоннаны құрады. "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ-ның Қазақстанның мұнай өнімдерінің бөлшек нарығындағы үлесі 2017 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша 16 пайызды құрады. "Қазмұнайгаз" АҚ мұнай мен мұнай өнімдері саласы бойынша ұлтық оператор ретінде әлеуметтік маңызы зор мұнай өнімдерінің тиелімін ҚР Энергетика министрлігінің кестесі бойынша, төмендетілген бағамен жүзеге асыруда. Жыл сайын егін егу және астық жинау науқаны барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін арзандатылған отынды жеткізуді жүзеге асырады, ал жылыту маусымы басталғанда ҚР әлеуметтік-өндіріс нысандары мен мекемелеріне мазут жеткізеді. 2016 жылы тасымал көлемі 284 мың  мұнай өнімдерін құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу