16 млрд теңге бөлініп, 221 жобаға қолдау көрсетілді

947

16 млрд теңге бөлініп, 221 жобаға қолдау көрсетілді

Ақтөбеде жас  кәсіпкер 40 орындық хостел ашты. Бұрын аймақта хостел, яғни еуропалық үлгідегі жатақхана болған емес. Қазір бұл жерді қала қонақтары арнайы іздеп келеді.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасымен және "Жас Старт" жобасымен жеңілдетілген несие алған кәсіпкерге мемлекет 7% субсидия ұсынған. Осы турасында Жанна есімді жас кәсіпкер: "30 млн теңге несие алдым. 20 млн теңгені 8,3%-бен, ал 10 млн теңгені 12%-бен рәсімдедім. Кәсібім ойымдағыдай жүзеге асып жатыр. Бастаған ісімді кеңейтсем деген жоспарым бар", – деді.

Өткен жылы "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша, 15 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 157 жоба субсидияланған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 16% - ға көп. Әр салада іске асқан жобалардың 33%-ы ауыл кәсіпкерлеріне тиесілі. Бұдан бөлек  93 жобаға "Даму" қоры кепілдік берген. Былтыр 16 млрд теңге бөлініп, 221 жобаға қолдау көрсетілді. Өңірде "Жас Старт" бағдарламасы сәтті жұмыс істеп тұр. Осы бағдарлама аясында былтыр 15 жоба қаржыландырылды. Түрлі қаржы институттары жастар ұсынған жобаларға 182 млн теңге несие бөлді", – деді "Даму" қоры облыстық филиалының директоры Жеделбек Мырзағалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу