16 мың жігіт әскери міндетін өтеуге шақырылады

1175

16 мың жігіт әскери міндетін өтеуге шақырылады

Биылғы күзде Қарулы күштер және Қазақстанның басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары қатарына 1990-1999 жылдары туған 16 мың жігіт әскери міндеттерін өтеуге шақырылады деп жоспарлануда, деп хабарлайды aikyn.kz.

Күзгі әскер қатарына шақыру "Әскери қыз­мет және әскери қызметшілердің мәр­те­­бесі туралы" заңға және мемлекет бас­шы­сы, жоғарғы бас қолбасшының "Әс­кери қызметтің белгіленген мерзімін өт­керген мерзімді әскери қызметтегі әс­кери қызметшілерді запасқа шығару және Қа­зақстан республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыр­күйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" №449 Жарлығына сәйкес жүргізіледі. Қа­зақстан Қарулы күштерінің және басқа әс­кери құрылымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін жас сарбаздармен толық­тыру үшін 2 қыркүйектен бастап, шақыру және медициналық комиссиялар жұмысқа кірісті.
Шақыру комиссиясы іріктеу жұмысын аяқ­тағаннан кейін 18 жастан 27 жасқа дейін­гі ер азаматтар қыркүйек – желтоқсан ара­лығында Қазақстан республикасының қарулы күштеріне, Қазақстан рес­пуб­ли­ка­сының Ішкі істер министрлігіне, Қа­зақ­стан республикасының Ұлттық қауіпсіздік ко­митетіне, Қазақстан Республикасының мем­лекеттік күзет қызметіне мерзімді әс­кери қызметке шақырылатын болады. Қа­зақстан Қарулы күштеріне әскери қыз­мет­ке шақырылуға жататын барлық аза­мат шақыру қағазында көрсетілген құ­жат­тармен жергілікті әскери басқару ор­­­­гандарына барады. 2017 жылдың көк­темгі мерзімді әскери қызметке кейінге шақырылуға немесе шақырылудан бо­са­тылуға құқығы жоқ азаматтар, 18 бен 27 жас аралығындағы жастар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жасы 27-ге толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткер­ме­ген азаматтар жауынгер қатарына ша­қы­рылуға жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу