16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

155

Алматыда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. 

16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото: Yuz.uz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 10 маусымда еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

  • Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Жезқазған қ.: 10 маусымда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
  • Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Қарағанды қ.: 10 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с.
  • Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
  • Ақмола облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 10 маусымда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
  • Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық 36 градус күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 10 маусымда күндіз қатты ыстық 36 градус күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
  • Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 10 маусымда түнде қатты жаңбыр. Найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
  • Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 10 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
  • Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
  • Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 10 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
  • Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз дауыл күтіледі. Шығыстан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші облысының батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Павлодар қ.: 10 маусымда түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Шығыстан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
  • Қызылорда облысында күндіз облыс бойынша 35-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 10 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
  • Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 10 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
  • Абай облысының облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 10 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
  • Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 10 маусымда күндіз 34-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
  • Астанада күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу