16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

488

Қазгидромет 10 қыркүйекте бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с шығыс бағыттағы жел соғады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Атырау облысының шығысында және орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында және орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қаласында 10 қыркүйекте күннің соңында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының басым бөлігінде жаңбыр, облысының батысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облысының батысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауптілігі сақталады.

Павлодар облысыңда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысының батысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады

Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 10 қыркүйекте түнде қатты жаңбыр күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с.

Батыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі болжанады.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде үсік 2 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде үсік 2 градус күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі болжанады

Жетісу облысының тау және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау және таулы аудандарында 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу