16 отандасымыз арнайы бортпен Түркиядан елге оралды

526

Қазақстандық құтқарушыларды бауырлас Түркияға жеткізген арнайы ұшақ қайтар жолда 16 отандасымызды елге алып келді.  

16 отандасымыз арнайы бортпен Түркиядан елге оралды Фото: khabar24.kz

Арасында Қырғызстан Республикасының екі азаматы да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың бәрі Газиантеп қаласында болған. Арнайы борт кеше кешкісін елорда әуежайына келіп қонды. Отандастарымыздың айтуынша, елге қайтатын ұшақтың болатынын Қазақстан елшілігінен білген. Үйге оралғандардың барлығы дін аман. Тек бір студент аяғын қатты жарақаттап алған. Кеше таңертең бауырлас Түркия Республикасына зілзаланың салдарын жоюға ат салысуға 41 қазақстандық маман аттанған болатын. Олар Газиантеп қаласында құтқару жұмыстарымен айналысып жатыр.

"Жер сілкінісі кезінде жоғарғы қабаттан төмен қарай қашқанда немерем аяғын жарақаттап алды. Қазір балдақпен жүр. Бастысы аман шықтық. Үлкен немерем сол Түркияда дәрігер мамандығына оқиды. Екінші немереммен қонаққа барған болатынмын. Енді біздің билік өкілдерінің арқасында өз үйімізге аман-есен жетіп отырмыз. Бәріңізге рахмет!", - дейді Марина Фаргиева.

"Алдыңғы күні түнде 04:30 жер сілкінісі басталды. Содан үйге мүлдем кірген жоқпыз. Жұмысқа бардық. Жұмыста отырдық. Содан жұмыстан тікелей әуежайға келдік. Үй сілкінген кезде жүре алмай қалдық. Адым аттай алмай қалдық. Тынышталғанға дейін күттік. 2 минуттай қозғалды. Қабырғаларға сызық түсті. Кейбір ғимараттар мүлдем құлап кетті. Сол ғимараттың астында қалып кеткен менің әріптесім бар. Сол бүгін кешке өлі денесін тапты", - Айбөбек Нарбекқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу