16 отбасы қоныс тойын тойлады

1128

16 отбасы қоныс тойын тойлады

Тереңкөл ауылында 16-пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді. Үй иелеріне кілттерді Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов тапсырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыс әкімінің орынбасары қоныс тойын тойлаушыларды құттықтап, аудандағы құрылыстың әлі жалғасын табатынын айтты.

"Бүгінгі таңда біз 100 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй аумағын пайдалануға бердік. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда едәуір көп. Мереке қарсаңында Качир ауданына осындай сый ұсынған құрылысшыларға алғысымды білдіремін", - деді Дүйсенбай Тұрғанов.

Аталмыш пәтерлер жетім балалар мен жас отбасыларға, мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлерге берілді. Қуанышқа кенелгендердің ішінде полиция қызметкері Айдар Темірболатов та бар. Ол отбасы құрған соң облыс орталығына ауысып, пәтерді жалдап тұрған. Кейін Тереңкөлге көшіп келген. - Осы күнді бірнеше жыл күттім, - дейді ол.

"Енді жұбайым мен қызым үшеуіміз өз пәтерімізде тұратын боламыз. Айта кетейік, 16 пәтерлі тұрғын үйдің құны 160 миллион теңгені құрады. Әр бөлменің көлемі - 40 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары наурыз айында басталған болатын".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу