16 пәтерді тонаған қылмыстық топ ұсталды

1164

16 пәтерді тонаған қылмыстық топ ұсталды

Талдықорған қаласында пәтер тонаумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4 ер адамнан тұратын топтың 16 пәтер ұрлығына қатысы бар екендігі дәлелденді. Олардың үшеуі бұрын ұрлық және қарақшылық үшін істі болған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, олардың қылмыстық әрекеттері Талдықорған қаласының 2, 3, 4 және 5-ші ықшамауданында биылғы жылдың қыркүйек-қазан айында тіркелген. Қазіргі таңда ұрылардың келтірген шығын көлемі анықталуда.

Дегенмен қолда бар мәліметтерге қарағанда, арызданушылардың шығыны 2 млн теңгеден асқан. Қылмыскерлер негізінен зергерлік бұйым, ноутбук, көлемі үлкен емес бағалы заттарды қолды қылған. Олар зергерлік бұйымдарды жергілікті ломбардтарға өткізіп отырған. Ал қалған заттар хабарландыру арқылы сатылған.

Қылмыстық топты Талдықорған ІІБ батыс полиция бөлімшесінің қызметкерлері қолға түсірді. Қазіргі таңда ұсталған азаматтардың осыған ұқсас басқа қылмысқа қатысы бар-жоқтығы анықталуда. Сондай-ақ қаладағы ломбардтарға күдіктілердің түсініктемесі бойынша өткізілген зергерлік бұйымды айғақ зат ретінде қылмыстық өндіріске тіркеу және нақты иелеріне қайтару мақсатында сұраныс жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу