Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылғы 16 шілдеде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін электр беру жабдықтарында профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады.
Осыған байланысты, аталған уақытта Комитеттің бірқатар ақпараттық жүйелері: "e-Salyq Business", "e-Salyq Azamat", "Web-Портал", "Салық төлеушінің кабинеті", "Е-терезе", "ЭШФ", "ОБДШ", "АСТАНА-1" және басқа да Мемлекеттік мекемелермен интеграциялар "ЭҮШ" және "СЭҮШ" арқылы сыртқы (Интернет) контуры арқылы қол жетімді болмайды.
"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – деп жазды Қаржы министрлігі.